Жаңалықтар

Қызылордада аудит көлемі артты

Тексеру комиссиясы 15 жылдығын атап өтті

«Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған Омархан Өксікбаев, Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері, өңірлердегі тексеру комиссияларының төрағалары, ардагерлер мен зиялы қауым қатысты.

Облыс әкімі мемлекеттік аудиттің бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Шара барысында бірқатар азамат Президент Алғысымен, облыстың Құрмет грамотасымен және басқа да марапаттармен наградталды. 2025 жылы өңірде мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 2 трлн теңгеден асып, 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Тексеру комиссиясы заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, олардың алдын алуға да басымдық беріп келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button