Жаңалықтар

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеді

Сегіз айда 61,7 млн тонна мұнай өндірілді

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 61,7 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға аз.

Үкімет мәліметінше, мұнай өндіру көлемі біртіндеп қалпына келе бастаған. 2026 жылға арналған мұнай өндіру болжамы 96 млн тоннаға түзетілді.

Сонымен қатар, биылғы сегіз айда Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш қатарынан үшінші ай бойы сақталып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылы елімізде 99,6 млн тонна мұнай өндірілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button