Жаңалықтар

Қызылордада цифрландыру мәселелері қаралды

221 мыңнан астам отбасы цифрлық картада

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрлық активтер индустриясын дамыту және әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырысқа Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.


Аймақта мемлекеттік қызметтер, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, IT, өнеркәсіп және көлік-логистика салаларын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.


Әлеуметтік көмекті мұқтаж азаматтарға бағыттау үшін 14 көмек түріне скоринг жүйесі енгізілді. Цифрлық картада облыстағы 221 341 отбасы немесе 850 747 адам туралы мәлімет бар. Оның ішінде верификациядан өтуі тиіс 25 689 отбасы анықталды.

Верификация жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button