Жаңалықтар

Өңірде құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтіледі

Қызылордада жыл басынан бері 1915 қылмыс тіркелді

Қызылорда облысында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жастар арасындағы құқықбұзушылық пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қаралды.

Жыл басынан бері өңірде 1915 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға аз. Соңғы төрт жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 65 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Мәжіліс қорытындысында қала және аудан әкімдеріне құқық қорғау органдарымен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды күшейту, рейдтерді тұрақты жүргізу және балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button