Жаңалықтар
Дастан Сәтбаевтың емделуіне алты апта қажет
«Бернли» шабуылшысы жарақатына байланысты ойыннан тыс қалды

«Бернли» шабуылшысы санның артқы бөлігіндегі бұлшықетін жарақаттап алған. Спорт комментаторы Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, оның толық қалпына келуіне кемінде алты апта қажет.
Осыған байланысты 18 жастағы футболшы Қазақстан құрамасының қарашадағы Ұлттар лигасы матчтарына қатыспайды.
Айта кетейік, «Бернли» Чемпионшиптің 13-туры аясында «Портсмутпен» 0:0 есебімен тең түсті. Команда тоғыз ұпаймен турнир кестесінде 22-орында тұр.



