Қызылорда қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
Азамат Мыңбаев жаңа қызметке кірісті

Қызылорда қаласы әкімінің аппарат басшысы болып Азамат Амантайұлы Мыңбаев тағайындалды. Жаңа басшыны актив отырысында қала әкімі Нұржан Ахатов таныстырды.
Азамат Мыңбаев 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Болашақ» университетінде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметі мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009 жылы облыс әкімі аппаратында бастаған. Әр жылдары ақпараттық технологиялар орталығында, облыс және қала әкімдіктерінде, Шиелі ауданы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарған. 2023 жылдан бері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болған.
Ал бұған дейін аппарат басшысы қызметін атқарған Мұрат Тасқараев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Қала әкімі оған шаһардың дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» грамотасын табыстады.



