Жаңалықтар
Бесарықта қызанақ өңдеу зауыты қайта жаңғыртылуда
Жаңақорғанда жылына 20 мың тонна қызанақ өңдеу жоспарланып отыр

Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында техникалық қызанақ өсіру және өңдеу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны «Syr Dala Agro» ЖШС 2026–2030 жылдары іске асыруды жоспарлап отыр.
Инвестиция көлемі – 648,75 млн теңге. Жоба аясында 2 070 гектар жерге қызанақ егіліп, жылына 18–20 мың тонна өнім өндіру көзделген. Тәулігіне 600 тонна өнім өңдеуге қауқарлы зауытта томат пастасы мен пюре шығарылады. Нәтижесінде 35 тұрақты және 150-ге дейін маусымдық жұмыс орны ашылады.

Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан зауытқа барып, қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.



