Жастар

Облыс әкімі студенттерге дәріс оқыды

Мұрат Ергешбаев жастармен кездесті

Бүгін, 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне «Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыды. Алдымен жастардың ғылыми жобалары көрмесін аралады.

Кездесуде аймақ басшысы студенттік шақтың маңызына тоқталып, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуындағы жастардың рөлін атап өтті.

Дәріс барысында жасанды интеллект, цифрландыру, жаңа мамандықтар мен еңбек нарығындағы өзгерістер сөз болды. Сонымен қатар сыни ойлау, деректерді талдау, коммуникация және үздіксіз білім алудың маңызы түсіндірілді.

Облыс әкімі су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мониторинг және ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне де тоқталды. Бұл бағытта университет ғалымдары мен студенттердің ғылыми әлеуетін пайдаланудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында студенттер сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласып, түрлі салада жетістікке жеткен жастар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button