
Қызылордадағы «Инклюзив орталығында» отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан чемпионаты қорытындыланды.
Жарысқа облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен ҚР Волейболды отырып ойнау федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясының вице-президенті Дүйсенбай Тұрғанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Мейрамбек Зинабдинұлы өз сөзінде өңірде кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Сыр спортшыларының халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүргенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Чемпионат қорытындысы бойынша: І орын – Атырау облысы; ІІ орын – Қызылорда облысы; ІІІ орын – Маңғыстау облысы командаларына бұйырды.
Айта кетейік, 5-8 қараша күндері өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің өңірлерінен 8 команда қатысты.



