Жаңалықтар

Қызылордада журналистер арасында «Media дода» өтті

«ТТМ» командасы зияткерлік сайыста топ жарды

Достық үйінде облыстық Журналистер клубының ұйымдастыруымен журналистер арасында «Media дода» зияткерлік сайысы өтті. Оған «ТТМ» және «Достық» командалары қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынады.

Сайыста журналистика тарихы мен заңнамасы, логикалық ойлау, этносаралық келісім және жасанды интеллект мәтіндерін ажырату тақырыптары қамтылды.

Қорытынды бойынша «ТТМ» командасы I орын алып, 50 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал «Достық» командасы II орынға ие болып, 40 мың теңгелік сертификат алды.

Жеңімпаздарды Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Тлеумбетов марапаттады. Сондай-ақ шараға Республикалық Журналистер клубының төрағасы Әлішер Гәпіржанұлы қатысып, облыстық клуб жұмысына оң бағасын берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button