
2026 жылғы 16–20 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11(12)-сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Білім додасына еліміздің барлық өңірінен 433 оқушы қатысып, 6 пән бойынша білімдерін сарапқа салды.Олимпиадада Қызылорда облысының намысын қорғаған 29 оқушы жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде 15 оқушы жүлделі орындарға ие болып, тағы 5 оқушы Алғыс хатпен марапатталды.
Оның ішінде:
3 оқушы – алтын медаль;
3 оқушы – күміс медаль;
9 оқушы – қола медаль;
5 оқушы – Алғыс хат иегері атанды.
Сонымен қатар командалық есепте Қызылорда облысының құрамасы ІІІ орын алып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» атағына ие болды.
Бұл нәтиже оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің жемісі. Жас зияткерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Оларды олимпиадаға дайындаған ұстаздар мен қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдіреміз.



